
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлерімен темекінің әйгілі маркаларының темекі өнімдерін өндіру бойынша астыртын фабрикасы анықталды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің Орталық аппаратының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының кешенін жүргізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының аумағында темекінің әйгілі маркаларының темекі өнімдерін өндіру бойынша астыртын фабриканы анықтады.
Жүргізілген іс-шаралармен астыртын фабриканы ұйымдастырған қылмыстық топ өз қызметін қолдан жасалған акциздік маркаларды қолдана отырып ұзақ уақыт бойы жүзеге асырып келгендігі анықталды.
Фабрикада 800 мыңнан астам қолдан жасалған акциздік маркалар, 20 тоннаға жуық темекі және темекі өнімдерін өдіру үшін құрамдас бөлшектері (темекі сүзгілері, темекінің жыртылатын ленталарының орамдары, темекі қағаздары, темекі фольгаларының орамдары, темекі желімдері және т.б.) анықталды және алынды.
Сондай-ақ Шымкент және Тараз қалаларының қойма үй жайларында және сауда базарларында қолдан жасалған акциздік маркалары бар темекінің 110 мыңнан астам қорабы анықталды және алынды.
Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестірінде тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)