
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Уәкілетті экономикалық операторлар институтының өзекті мәселелері
Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі-Комитет) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының қатысуымен «Уәкілетті экономикалық операторлар институтының өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан Республикасында уәкілетті экономикалық операторларды іске асырудың негізгі мақсаттары кедендік ресімдерді жылдамдату мақсатында және әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында арнайы және қосымша арнайы жеңілдіктерді ұсыну жолдарымен кеден органдары мен бизнес қоғамдастықтың арасындағы ынтымақтастық жүйесін дамыту болып табылады.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Комитет төрағасының орынбасары Ғ.К. Әмринмен «Экспортно-импортная компания Азия Логистика» заңды тұлғаға уәкілетті экономикалық операторлар тізіміне енгізу туралы куәлігі тапсырылды.
УӘО тізіміне енгізу туралы куәлікті алған заңды тұлға – бұл Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодексінің 65-бабына сәйкес арнайы және қосымша арнайы жеңілдіктер түрінде айқындалған артықшылықтарға ие болады.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)