
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Елімізде зияткерлік меншікті сенімді қорғаудың қажеттілігі контрафакталық өнімдердің саудасы теріс экономикалық салдарынан туындады, сондай-ақ халықаралық, ұлттық деңгейде. Түбінде олардың салдары бюджеттің кіріс бөлігіне салықтардың түспеуіне, заңды индустрияның дамуына бөгет жасауға, сондай-ақ шетелдік мемлекеттер мен компаниялардың жалпы жеке салаларға және ұлттық экономикаға инвестиция салудан бас тартуға әкеліп соқтырады. Зияткерлік меншіктің құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік бақылаудың бір түрі кедендік бақылау шаралары болып табылады, бұнда ең алдымен зияткерлік меншіктің құқықтарын қорғау саласындағы өкілетті органдармен және құқық иеленушілермен қарым қатынас жұмысына байланысты. Қазақстан Республикасы ДСҰ кіруі аясында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнамаларының нормалары кеден органдарымен халықаралық талаптарға сәйкес келтірілді, атап айтқанда Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша келісімге (ТРИПС). Қазіргі уақытта зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау бойынша шаралар негізінен құқық иеленушілердің өтініштері бойынша зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінің негізінде қабылданады. Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне 01.03.2017 жылғы жағдай бойынша 4152 тауарлардың атауы бойынша 472 тауар белгісі (135 құқық иеленуші) енгізілген. Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінің негізінде 2016 жылы аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен жалпы құны 10 млн. АҚШ долл. асатын зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері бар 533 тауарға арналған декларациялар бойынша тауарларды шығару тоқтатылған, 2017 жылдың 2 айында жалпы құны 3 501 мың АҚШ долл. асатын зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері бар 55 тауарға арналған декларациялар бойынша тауарларды шығару тоқтатылды.
Сонымен қатар, Экономикалық тергеу қызметі де зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша шараларын қабылдауда. Зияткерлік меншік саласында заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодекстің 198 (авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу) және 222 (тауарлық белгіні заңсыз пайдалану) баптарымен қарастырылған. 2016 жылғы қызметінің нәтижелері бойынша контрафактілік өнімнің заңсыз айналымы саласында ЭТҚ өнімінде 133 сотқа дейінгі тергеп-тексеру болды, оның 98 ісі өндіріспен аяқталды. 2016 жылы «Пиала» шайы, «Маккофе» кофесі, маркасы Mobil моторлық майы, ТОО «Стэлл», «Вавилон», «Перно Рикар Казахстан», «Chivas Holdings Limited», «Martell and Co» ресми дистрибьюторлардың таңдаулы алкогольдік өнімдерді сияқты контрафактілік өнімдер, өлең жазылған дисктер, «Алматыкітап баспасының» оқулықтары дайындалған цехтың қызметі әшкерленді. Сондай-ақ, ЭТҚ лицензиясы жоқ «Counter Strike» ойнын компьютерлік клубтарда қолдану фактісі бойынша 39 қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталды және ашылды, қазақ өлеңдерінің жазылуымен CD/DVD дискілерді дайындау және сату фактісі бойынша 19 іс. Осы санаттағы қылмыстарды анықтау және ашу мақсатында ЭТҚ қызметкерлері ішкі істер, әділет органдарымен біріккен жоспарлар жасалды, құқық иеленушілермен, «Атамекен» КҰП өкілдерімен, сенімді патент қауымдастығымен, мүдделі мемлекеттік органдармен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)