
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
2017 жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің 1-ші отырысы болып өтті.
Отырыс Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Ғұсман Әмриннің төрағалығымен өтті. Еуропалық жағынан, Еуропалық комиссияның кеден мен салық бойынша бас директоратының сауда бөлімінің бастығы – Питер Ковач, серіктес төрағаларының бірі болып сөз сөйледі.
Кездесу барысында тараптар кіші комитет жұмысының ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады және одан әрі ынтымақтастық үшін келесі бағыттарды анықтады: транзит, уәкілетті экономикалық операторлардың өзара тану және бақылау нәтижелері, тәуекелдерді басқару жүйелерін және құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ақпараттық жүйелерін интеграциялау тараптардың ортақ ниеті.
Қазақстан Республикасының теңіз арқылы тасымалданатын тауарлардың ағымын арттыру мақсатында, тараптар Ақтау және Роттердам теңіз порттары арасында ынтымақтастықты құру мүмкiндiгiн қарастырады.
2015 жылдың 21 желтоқсанында Астана қаласында қол қойылған кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетті құру үшін негіз болғанын еске саламыз.
Болашақта, кіші комитетінің отырысы жыл сайын өтеді.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)