
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кассалық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде мынадай акциялардың өткізілгені туралы хабарлайды:
1. «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал» акциясы барысында әрбір азамат сатып алу немесе ақылы қызмет алу арқылы ақшалай және басқа да бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндік алады. Акция еліміздің барлық аумағында 2025 жылғы 3 сәуірден 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін өткізіледі.
2. «Бәйге» жаңа акциясы. Науқан шеңберінде белгіленген кезеңде фискалдық чектердің ең көп санын тіркеген жеке тұлғалар 100 000 теңге мөлшерінде сыйақы алады. Акция бүкіл ел бойынша 2025 жылдың 1 мамырынан 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін өткізіледі.
Әр тоқсанның қорытындысы бойынша оператор фискалдық чектердің ең көп санын сканерлейтін әр өңірден бір жеңімпазды (барлығы 20 жеңімпаз — әр облыстан және Республикалық маңызы бар қаладан бір) анықтайды. Жеңімпаздарға 100 000 теңге көлемінде сыйлық төленеді.
Акция тоқсан сайын өткізілетін болады: 1 кезең: 1 мамырдан екінші тоқсанның соңына дейін; 2 кезең: үшінші тоқсанда; 3 кезең: төртінші тоқсанда. Аталған акцияларға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасында тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлегені үшін чектерді тіркеу қажет.