
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Осы жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығының базасында «Есірткі құралдарын және туындыларды (киік мүйізін) іздеу» бағдарламасы бойынша ҚР ҚМ МКК және ҚР ҰҚҚ ШҚ кинологтар-нұсқаушылары мен қызметтік иттерін даярлау бойынша ведомствааралық тренингтің ашылуы болды.
Одан басқа, 8 иттер басын есірткі құралдарын, киік мүйізін, сұңқарды және тау таспақасын іздеуге оқыту жоспарланған. Өткен уақытта ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығының базасында 2014 жылы, Орталық Азияда алғашқы рет есірткі құралдарын және киік туындыларын іздеуге иттерді оқыту бойынша тренинг – пилоттық жобасы ұйымдастырылған болатын. Контрабанданы іздеуде пилоттық жобаның қатысушылары иттерді қолданудың оңды нәтижелерін көрсетті.
Даярланған иттер, хайуанаттар әлемінің нысандарының контрабанда жолымен өткізілетін ықтимал тобына кіретін стратегиялық маңызды бекеттерде қызмет атқаратын болады және жасырын жолдағы заңсыздықтармен күресу ісіне өз үлестерін қосады.
Осы иттерді оқыту бойынша тренингі ҚР ҚМ МКК бастамашылығының және Қазақстан биоалуантүрлікті қорғау ассоциациясы (АСБК) қолдауымен ұйымдастырылды. Тренинг ашылуының салтанатты ашылу шарасына, құрметті қонақтар қатарынан Қазақстан биоалуантүрлікті қорғау ассоциациясы (АСБК) ғылым бойынша басшының орынбасары С.Л. Скляренко., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі зоология институтының өкілі М.А.Чирикова., сондай-ақ ҚазЕжӘҚА құқықтану факультетінің студенттері қатысты.
Кинологиялық орталығының қызметкерлерімен қызметтік иттермен көрме көрсетілімдері көрсетіліді, қонақтарға Кинологиялық орталығының жетістіктері мен материалды-техникалық және оқу жабдықталуымен танысуларына мүмкіндік ұсынылды.
Құрметті қонақтар орталықтың материалды-техникалық, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген шараның ұйымдастырылуы мен өтуіне жоғары баға берді.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)