Жарияланған күні: 13.04.2017 18:12
Өзгертілген күні: 13.04.2017 18:16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы (2010 жылғы 18 маусымда Санкт-Петербург) Келісімге сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды тасымалдау нормалары белгіленген.

пп/п

Тауарлар санаты

Нормалары (салмағы  және құны)

1

ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға алып жүретін және алып жүрмейтін багаждарға

 

Әуе көлігімен 10 000 еуро 50 кг. басқа көлік түрлерімен   1500 еуро 50 кг.Воздушным транспортом 10000 евро и 50 кг.

 

2

Бір алушының мекенжайына күнтізбелік ай ішінде әкелінген тасымалдаушы жеке тұлғаның мекенжайына жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

 

1000 еуро және салмағы 31 кг

 

3

ЕАЭО кедендік аумағында тұрған жеке тұлға болып табылатын бір алушының атына бір ай ішінде жіберілетін ХПЖ жіберілген жеке пайдалануға арналған тауарлар

 

1000 еуро және салмағы 31 кг

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 464– бабының 3 тармағына сәйкес қарастырылған. «Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында реттелмеген бөлігінде жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тауарлардың сипаты мен санын, жеке тұлғаның Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту және (немесе) оның осы шекара арқылы тауарларды өткізу жиілігін негізге ала отырып айқындайды»

ҚР Қаржы министрлігі кеден ісі саласының уәкілетті органы ретінде, осы ұстанымды іске асыру мақсатында ҚР Қаржы министрі 2015 жылы 31 мамырында № 250 «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы» бұйрығына қол қойды. Осы бұйрық алып жүретін және алып жүрмейтін багаждардың Кеден одағы кедендік аумағы арқылы әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізуге қатысты туындаған құқықтық қатынастарды реттейді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің аумақты дамыту және экономикалық реформа бойынша Комитетінің Алматы облысына көшпелі отырысының нәтижесі бойынша Ұсынымына қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 17-37/3608 тапсырмасымен инвестициялық ахуалды жақсыртуды мақсатында жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларының тізілімін пысықтау бөлігінде №250 бұйрыққа өзгерістер енгізу ұсынылды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрімен «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2017 жылғы 11 каңтарында №12 бұйрығына қол қойылды.

Осы бұйрыққа енгізілген өзгерістермен кедендік шекара арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері санының атауы 17-ден 7-ге қысқарады:

ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2(екі) бірлік;

планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;

портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;

зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;

велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;

бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана.

Сонымен қатар, Бұйрықта тек «салық салынатын заттар» регламенттелген.

Жеке тұлға аталмаған тауарларды жалпы бажсыз норма шеңберінде әкеледі:

жер бетіндегі көлікпен – 50 кг., 1500 еуро;

әуе көлігімен – 50 кг., 10 000 еуро.

Кедендік шекара арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі бұрынғыдай қалды - айына 1 (бip) рет,  1 реттен асқан кезде ол тауарлар жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайды. Бұл ретте, бұйрықтың ережелері халықаралық почта жөнелтілімдерімен өткізілетін тауарларды және жеке тұлғаның мекенжайына тасымалдаушы жеткізетін (экспресс-жүктер) тауарларды бажсыз әкелу нормаларын реттемейді. Жоғарыда көрсетілген бұйрықтың нормалары тек тауардың мәртебесі бойынша мәселелер туындаған жағдайда қолданатындығын ерекше белгілеу қажет. Кедендік шекара арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері санының қысқаруы азаматтардың кедендік шекараны өту тәртібін либерализацияуға  және кедендік бақылауды жүргізу уақытын тездетуге бағытталды.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы және кеден одағының кедендік заңнамалары талап ететін нормаларын орындау үшін ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер органы кеден қызметінің қызметкерлері Кеден одағы аумағы арқылы жеке тұлғалардың өткізу бекеттері және басқа да орындардан тауарларды өткізу кезінде:

-          өту жиелігін бақылау үшін ақпараттық жүйеде жеке тұлғаларды және олардың тауарлары туралы ақпараттың есепке алынуын;

-          өлшеу жолымен тауарлардың салмағын анықтау;

-          тауарлардың мәртебесін анықтау- жеке пайдалану үшін немесе коммерциялық мақсатқа, кедендік бақылау жолымен жүзеге асырылады.

Жеке пайдалануға арналған тауарларды жеке тұлғалармен өткізгенде салмақ нормалары және/немесе құнынан асқан жағдайда, асып түсу бөлігінде 1килограмм үшін 30 пайыз мөлшерінде бірақ 4 еуродан кем емес кедендік төлемдер мен  салықтар өндіріледі. Бұл ретте, тиісті төлемдерді төлеу үшін кедендік кіру ордерін толтырады (ККО).

Жеке пайдалануға арналған тауарлар салмақ нормалары және/немесе құнынан асқанда жеке тұлғалар бір ай ішінде қайта өткен жағдайда жеке тұлғалар жалпы белгіленген тәртіпте тауарларды декларациялау тауарларға кедендік баж төлемдері мен салықтарды төлеумен тауарларды кедендік декларациялау қажет.

Қолма қол ақша құралдары мен валютаны өткізуге қатысты.

Қолма қол ақша қаражаты валюталық жиынтығы 10 000 АҚШ долларынан аспаса кедендік декларациялаусыз әкелуге және әкетуге болады, егер әкелінген сома 10 000 АҚШ долларынан асқан жағдайда жолаушының кедендік декларациясы тапсырылады.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 16 қарашадағы № 6 Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің тапсырмасына сәйкес Кеңестің Комиссиясы, Одақтың кеден аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу санын, салмағын және құнын нормаларын анықтау кезінде салықтармен кедендік баж төлемдерісіз Одақтың Кедендік кодексінің күшіне енугеннен кейін қолданыстағы нормаларды кезең кезеңімен төмендетуді қарастыру тапсырылды

тауарларға қатысты, әкелінген алып жүретін және алып жүрмейтін багаждарға әуе транспорты түрімен әкелінген сондай –ақ бұрын пайдалануда болған тауарларды қоспағанда таруарларды мұндай критериге жатқызуды Комиссия анықтайды:

мерзімінің өткеніне 1 жыл болғандар – 1000 еуро/50кг. дейін;

мерзімінің өткеніне 2 жыл болғандар – 750 еуро/35кг. дейін;

мерзімінің өткеніне 1 жыл болғандар– 500 еуро/25кг. дейін, өту жиелігі есепке алынбайды.

Экспрес-жүктермен халықаралық пошта жөнелтілімдерімен әкелінген тауарларға қатысты:

мерзімінің өткеніне 1 жыл болғандар – ай ішінде 500 еуроға дейін ( бұл нормадан асқаны -1-килограмм үшін 4 еуродан кем емес бірақ 30 % мөлшерінде төлем төлейді);

мерзімінің өткеніне 2 жыл болғандар – ай ішінде 500 еуроға дейін ( бұл нормадан асқаны -1-килограмм үшін 2 еуродан кем емес бірақ 15 % мөлшерінде төлем төлейді), , өту жиелігі есепке алынбайды.

ЕАЭК алаңында, қазіргі уақытта Үкіметаралық Кеңестің осы тапсырмасын іске асыру бойынша шешімінің жобасы дайындалуда, тараптар шешімнің редакциясы бойынша жобаға ұсыныстар енгізуде, алдағы уақытта келесі отырыстардың бірінде қабылданатын болады.

 

Баспасөз қызметі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

ҚР Қаржы министрлігі

(Бейбітшілік 10)