Жарияланған күні: 19.04.2017 11:04
Өзгертілген күні: 19.04.2017 11:06

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Осы жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығының базасында Кинология орталығының қызметкерлері, орталыққа оқуға келген ҚР ҚМ МКД және ҚР ҰҚҚ ШҚ кинолог мамандарымен бірлесіп «Наурыз» мейрамына арналған мерекелік шарасын өткізді.

Аталмыш мерекеге құрметті қоңақтар: Генералдар кеңесі РҚҰ мүшесі Осман-Рустамбек Байгенженович Бижигитов; ҚЕ және ӘҚА проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Жолдыбай Тюльматович Успанов; Алматы қаласы «НұрОтан» партиясының Түрксіб аудандық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрланбек Ескендірұлы Әжібаев; және Алматы қаласы «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі Арман Сәлімұлы Октябров қатысты. Келген қоңақтарға мерекелік дастархан жайылып «қазақ», «өзбек», «шешен» және «татар» халықтарының ұлттық тағамдары берілді.

Мерекенің басты өзгешілігі осы түркі тілдес халықтар арасындағы салт дәстүрлерін насихаттау, «Наурыз» мейрамын мерекелеу, сонымен қатар ұлттық ойындарға байланысты келген қонақтарға жоғарыда аталған қызметкерлер арасынан қойылымдар көрсетілді.

Кинологиялық орталықта киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылды. Орталықтың қызметкерлері және кинолог-мамандар осы мерекеге белсенді қатысып, ұлттық киімдер киіп,  өз өнерлерін көрсетті, сонымен қатар ұлттық нақышта өлең айтып, биін билеумен қатар, ұлттық мереккелік тағамдары ұсынылды.

Ұлттық ойындардан «Арқан тарту», «Қошқар көтеру» бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Наурыз мейрамы қызықты өтті, мейрам соңында «Наурыз көже» таратылды. Осындай іс шара еліміздегі халықтар арасындғы достастықты және қарым қатынасты нығайтуға өз септігін тигізері сөзсіз.  

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)