
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кеңейтілген алқа отырысы өтті
Бүгін Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының қатысуымен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті алқасының кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шара аясында мемлекеттік кірістер органдарының 2017 жылдың 1 тоқсанда атқарған қызметінің қорытындылары талқыланып, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында ведомствоның алдында қойылған міндеттерінің жүзеге асырылуы қарастырылды.
ҚР Қаржы министрінің тапсырмасы бойынша «Мемлекеттік қаржыны жаңғырту 3.0» жаңа жобасы әзірленіп, іске қосылды.
Аталған жобаның жедел штабын қаржы Министрі Б.Сұлтанов басқарып, «Жаңғырту 3.0» жобалық жұмыс тобын ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары А.Қыпшақов басқаратын болды.
Бұл жобалық топтың алдында озық халықаралық тәжірибелерді, «100 – нақты қадам» атты Ұлт жоспарында белгіленген тапсырмаларды, Мемлекет Басшысының «Үшінші жаңғырту» атты Жолдаудағы басымдарын бірыңғай жобаға еңгізу бойынша және 2025 жылға дейінгі мемлекеттік қаржыны әкімшілендірудің стратегиялық векторін қалыптастыру бойынша міндет тұр.
Алқа отырысы аясында салықтық және кедендік әкімшелендіру құралдарын жетілдіру, бюджеттің кіріс бөлімін орындау, бизнес шығындарын қысқарту және тағы басқа бағыттарының орындалуы да талқыланды.
Мысалы, орта және шағын бизнес субъектілері уақыт шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін электронды шот-фактураларды қолданудың тиімділігін тиісті бағалады.
МКК төрағасы А.Теңгебаев айтқандай: «Ақпараттық жүйенің артықшылықтарына көзі жетіп шот-фактураларды электронды түрде рәсімдеп жатқан кәсіпкерлердің саны күннен күнге көбеюде».
Бюджеттің кіріс бөлімін орындау мәселесіне келетін болсақ, 2017 жылдың 1 тоқсанында МКК құзырет шеңбері аясында мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер жоспары 109,3% орындалған. Бастапқы жоспар 1 470,2 млрд. теңге болғанмен, нақты 1 606,3 млрд. теңге түсті, артықшылық – 136,1 млрд. теңге.
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер жоспары 41,9 млрд. теңгеге асып түсті. Бұл сомманың 24 млрд. теңгесі – ішкі қолдану тауарлары және импортқа ҚҚС бойынша түсімдерінің өсуі.
«Бұл «Электрондық шот-фактуралар» Ақпараттық жүйенің айтарлықтай бонусы деп айтуға болады»,-қорытындады А.Теңгебаев.
Сөз сөйлеу барысында Комитет басшысы 2020 жылға жоспарланған жаппай декларациялауды уақытылы әрі сапалы өткізу үшін дайындық жұмыстарының қаншалықты маңызды екендігін ерекше атап өтті.
Қазіргі таңда мәліметтер базасын жаңарту бойынша жұмыстары жүргізіліп, Ақмола облысының Целиноград ауданы негізіндегі пилотты жобасы аяқталып жатыр. Жол картасы әзірленді. Жалпы жаңарту бойынша барлық жұмыстарын 2018 жылдың желтоқсанда аяқтауға жоспарлануда.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)