
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Шекарада бақылау-профилактикалық іс-шараларының өткізілуі
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2017 жылдың 1 маусым 30 шілде арасында Қазақстан Республикасы кірістер органдары Қырғызстан Республикасының кеден қызметімен бірлесіп, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының қолдауымен қазақстандық-қытайлық және қырғыз-қытайлық шекарада профилактикалық іс-шараларды өткізетіні жөнінде хабарлайды.
Жоспарланған бақылау-профилактикалық іс-шаралар ҚХР-дан контрабандалық жолмен жиі тасымалдауға тырысатын тауарлар түрлерін қамтиды.
Бұл іс-шаралар контрабандалық тауарлардың тасымалдауын болдырмау және кедендік әкімшелендіруді жетілдіру арқылы тұтынушылардың денсаулығын қорғауға, қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)