
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Жалған ақша жасалған астыртын цехтың жұмысы анықталды
Ағымдағы жылдың 7 маусымында Алматы облысы МКД Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен 5000 - 10 000 теңгелік жалған ақша жасайтын астыртын цехтың жұмысы анықталды.
Алматы облысы Іле ауданында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында жалған ақшамен сауда жасап жүрген топ ұсталынды. Тексеріс барысында 170 000 теңге жалған ақша және А-4 форматындағы арнайы қағазға басылған ақшаның купюролары анықталып тәркіленген болатын.
Қосымша жүргізілген тексерістер барысында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында астыртын цех анықталып тінту барысында түрлі түсті принтер, арнайы қағаз және басқа да құралдар тәркіленген болатын.
Жүргізілген жедел-іс шаралары барысында анықталғандай, жалған ақшаны қала маңындағы дүкендерге және жеміс жидек сатушыларға өткізіп келген.
Қазіргі таңда, аталған айғақ бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 231 бабымен (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осыған орай, Алматы облысы МКД экономикалық тергеу қызметі азаматтарды жалған ақша айғақтарына тап болған жағдайда, дереу ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеу қызметіне хабарласуын сұрайды.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)