Жарияланған күні: 23.06.2017 19:50
Өзгертілген күні: 28.06.2017 10:19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Кеден Одағына мүше-мемлекеттердің кедендік қызметінің Біріккен коллегиясының 23-отырысы

Алматы қ., 20 – 23 маусым 2017 жыл

 

2017 жылдың  22 маусымында  Алматы қ. «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінде Кеден Одағына мүше-мемлекеттердің кедендік қызмет Біріккен коллегиясының 23-отырысы өтті.

Қазақстандық делегацияны ҚР ҚМ МКК төрағасы  Теңгебаев Ардақ Мырзабайұлы басқарды.

Жиналыстың ашылуына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Тауфиков Румиль Тауфикович қатысты.

Жиналыста өзара тиімді және барынша қолайлы бірқатар шешімдер қабылдау, Кеден Одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың ерекше категориясын кіргізу кезінде кедендік баждан босатуды қолдану тәртібіне өзгерістер енгізу сұрақтары қарастырылды, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану бойынша бірқатар шешімдер қабылданды, сонымен қатар, Тараптар  кедендік бақылау акцентін кедендік декларациялау  және тауар шығару сатысынан 2015-2020 жылдарға Кеден одағына мүше-мемлекеттердің тауарларды шығару сатысына ауыстыру қағидаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстардың Негізгі бағыттарының атқарылуы жөнінде іс-шаралар Жобасының жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, бірыңғай транзиттік жүйені және Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше-мемлекеттердің тауарларының транзиті кезінде бірыңғай кепілдікті механизмді қалыптастыру аясында, кедендік транзит бойынша кепілдікті жүзеге асыратын  ЖШС  «КазТранзитСервис» Ұлттық кепіл беруші компаниясы» өз қызметін жария етті.

Соңында ҚР ҚМ МКК «АСТАНА-1» АЖ  Автоматтандырылған кедендік және салықтық әкімшілендіруді презентациялады.

Негізгі қарастырылған мәселелер мыналар:

-электрондық декларациялау жүйесін енгізу;

-экспорттық-импорттық операциялар үшін қағазсыз жүйе;

-тәуекелдерді басқарудың бірыңғай жүйесі;

-бірыңғай  дербес шот;

-салықтық және кедендік аудит.

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)