
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Ү.ж. 26-27 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығымен (бұдан әрі – ОӘО) Астана қ. ЕЫҚҰ бөлімшесімен бірлесе отырып, Ресей Федерациясы, Латвия Республикасы сарапшыларының қатысуымен «Кедендік транзит рәсімдеуі кезінде көліктер мен тауарларды кедендік бақылаудың халықаралық тәжірибесі» тақырыбы бойынша халықаралық семинар ұйымдастырылды.
Семинардың басты мақсаты – кедендік транзит рәсімін жүзеге асыру кезінде тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау бойынша дамыған елдердің озық тәжірибесін үйрену.
Тыңдаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - МКК) қызметкерлері, аумақтық мемлекеттік кірістер органдары мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.
Халықаралық семинардың ашылу салтанатында семинардың модераторы - М.Жанғозин- ОӘО басшының орынбасары, Рати Джапаридзе - ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің экономика және экология бөлім меңгерушісі, сөз сөйледі.
«Кедендік-транзиттік жүйесі» тақырыбында ҚР МКК Кедендік бақылау департаменті Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының сарапшысы – Уразкенов Д.К. сөз сөйледі.
Сыртқы Сауда-өнеркәсіп палатасынан ССП менеджері - Сукуров Н.Н., сөз сөйледі.
Негізгі дәріскер ретінде:
1) Гита Виксне, Латвия Ұлттық көмек көрсету қызметінің Кеден басқармасының НЦТС қолдау және дамыту бағдарламасының бөлім бастығы;
2) Вахтанг Кордзахия, Грузия Кеден қызметі департаментінің кірістер әкімшілендіру, бағалау және дамыту процесін бас басқармасының бастығы;
3) Коробкова Марина Николаевна, Ресей кеден академиясы Санкт-Петербург В. Б. Бобкова филиалының Кедендік операциялар мен кедендік бақылау кафедрасының аға оқытушы.
Дәріскерлермен кедендік транзит рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты электронды декларациялау технологияларын қолдану, кедендік транзитке кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде ақпараттық кедендік технологияларды (атап айтқанда АСКТТ-2 қолдану) пайдалану тәжірибесі, Грузия мысалында транзит кезінде кедендік рәсімдерді жеңілдету, транзиттік рәсімдеудің кепілді жүйесі және NCTS жүйесін пайдалана отырып транзиттік рәсімдеу секілді мәселелері қарастырылды.
Базалық білімін анықтау үшін алдын ала тестілеу өткізілді, орташа мәні - 65 %. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға қорытынды тестілеу ұйымдастырылды, білім деңгейі – 75,5%, мемлекеттік кірістер органдарының 40 қызметкеріне семинарды ойдағыдай өткені үшін сертификаттар ұсынылды.
Семинар қорытындысы бойынша сауалнама жүргізіліп, оның нәтижелері семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны және сарапшылардың даярлық деңгейі жоғары болғаны көрсетті.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)