
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қазақстанда браконьерлік түйінді мәселесі өте өткір жағдайда, жаңуарлардың кейбір түрлерін жою, бізде өнеркәсіптік ауқымды алуда. Жаңуарлардың, құстардың және балықтардың сирек және әр түрлері браконьерлердің құрбаны болуда. Сүтқоректілер арасында ерекше айта кететіні қызыл кітапқа енген бөкен мен дала тасбақалары, өйткені олардың мүйіздері мен тас қабықтары Орта Азия дәстүрлік халық медицинасында дәрі-дәрмек жасауға пайдаланады.
2014 жылы Орта Азияда бірінші рет есірткі құралдары және бөкен дериваттарын іздестіру бойынша иттерді үйрету пилоттық жоба – тренингі ұйымдастырылған. Сол кезде малинуа тұқымды (бельгиялық овчарка) төрт иті үйретілген. Кейіннен иттер қосымша жаттықтыру курстарын өтіп және тұтқиыл жағдайда өздерінің дағдыларын көрсетті. Қазіргі таңда барлық үйретілген иттер шекаралас кеден бекеттерінде пайдалануда. Екі жыл ішінде сол иттерді қолдана бөкен мүйізі, валюта және есірткі құралдары бойынша жасырын шығару 10-нан аса деректер айқындалды.
2017 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығында киік мүйіздері мен басқада жануарлар әлемінің обьектлерін іздеу бойынша кинолог-мамандарды қызметтік-іздестіру иттерімен дайындау бойынша тренингтің жабылуының салтанатты рәсімі өтті. Жануарлар әлемінің обьектілерін іздеу бойынша кинолог-мамандарды қызметтік-іздестіру иттерімен дайындау бойынша треннинг ҚР АШМ табиғатты қорғау бастамашылдығы «Алтын дала» аясында Қазақстан биоалауантүрлілікті сақтау ассоцияциясы, ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы және MAKOR K-9, USA бірлесе отырып ұйымдастырылды. Үш айлық треннинг кезінде 8 қызметтік иттері есірткі құралдары, киік мүйіздері, ителгілерді және дала тасбақаларын іздеуге дайындалды. Бұдан әрі дайындалған иттер жануарлар әлемінің обьектліерін саудалаудың ыстық нүктелері болып табылатын стратегиялық маңызды пункттерге (кеден және шекара бекеттерінде) қойылып, аталған обьектлердің заңсыз трафигіне қарсы ісіне өз үлестерін қосады.
Шараға ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР АҚШ елшілігінің әскери ынтымақтастық бөлімінің, ЕҚЫҰ Елшілігінің, Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының, ҚР Бас прокуратурасының, ҚР АШМ орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитетінің, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің, ҚР ҰҚК шекара қызметі кинологиялық қызметінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның және қылыми ұйымдарының өкілдері қатысты.
«Сұңқар» ЖШС – сұңқар тәлімбағымен бірлесе треннингке қатысушылар мен қонақтарға ителгілермен қойылымдар, алғашқы даярлау тобымен киік мүйіздерін қол жүгінде және автокөлікте іздеудің импровизациялық түрінлегі іздеу көрсетілді. Сонымен бірге қонақтар Кинологиялық орталғының оқу және материалды техникалық базасымен ғимараттарымен таныстырылды.
Треннингтің салтанатты бөлімі аяқталғаннан соң Қазақстан Республикасындағы өсімдік және жануарлар әлемінің обьектлері мен олардың дериаттарын заңсыз әкету мен әкелуге күрес бойынша ведомство аралық кеңесі өткізілді. Кеңестің бас мақсаты өсімдік және жануарлар әлемінің обьектілері мен олардың дериаттарын заңсыз әкету мен әкелуге күрес бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары арасында ведомство аралық ынтымақтастықты нығайту мен ақпарат алмасу болып табылады.
Мамандардың пайымдауынша аталған жоба кинология бойынша өсімдік және жануарлар әлемінің обьектілерінің заңсыз контрабандасымен күресте АҚШ Елшілігі мен ҚР ҚМ МКК арасындағы конструктивті іскерлікті одан әрі дамытуға мықты негіз қалайды, аталған иістерге қызметтік иттерді дайындау оларды қолданудың тәжірибесімен алмасуға, мемлекеттік кірістер органдары кинологиялық қызметіне алдыңғы қатарлы әдістерді енгізуге, сонымен қатар кинолог-мамандардың кеден шекарасы арқылы есірткі құралдары, психотропты заттары және басқа да айналымы заңсыз тауарлардың контрабанда фактілерін алдын алу мен жедел анықтау үшін қызметтік иттерді қолдануда өз дағдыларын одан әрі дамытуға көмектесетін болады.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)