
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Argus семинарында Қазақстан көмір нарығының қатысушылары бас қосты
29 маусымда Алматыда «Argus Қазақстан Республикасындағы көмір экспортының трансферттік бағасын қалыптастыру мәселелері 2017» семинары өткізілді.
Argus Media халықаралық қалыптастыру агенттігі ұйымдастырған іс-шара Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қолдауымен өткізілді.
Семинарға Қазақстан, Ресей, Украина және Швейцария мемлекеттерінің көмір өнеркәсібімен айналысатын 25 компанияның 40-тан астам өкілдері қатысты. Олардың арасында көмір өндірушілер мен экспорттаушылары, сауда және консалтингтік компаниялар, несие және қаржы мекемелері бар.
Дискуссия аясында қатысушылар Қазақстаннан алыс шетел және көрші мемлекеттерге көмір экспорттаудағы трансферттік бағаны қалыптастырудың басты мәселелері және де Қазақстан Республикасы Үкіметі үшін ресми ақпарат көздері болып табылатын Argus басылымдарындағы котировкаларды қалыптастыру әдіснамасы секілді мәселелер талқыланды.
Семинарды алғашқы сөзбен Ресей, ТМД және Балтық елдеріндегі Argus Media басшысы Вячеслав Мищенко және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мамандандырылған басқармасы басшысының орынбасары Қанат Доспанов бастады.
Argus бизнесті дамыту бойынша менеджері Павел Щеглов Argus басылымдарында ішкі және халықаралық көмір нарығының эталондық баға индекстерінің қалыптасу әдіснамасы туралы айтып берді. Оған қоса қазақстандық көмірді Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріне экспорттаудағы баға әдіснамасының ұсыныстары және қазақстандық көмірді ТМД елдеріне тасымалдаудағы экспорттық тепе-теңдіктің есептік көрсеткіштері талқыланды.
Қанат Доспанов өз кезегінде Argus қалыптастыру агенттігінің ақпаратын қолдануындағы оң тәжірибемен бөлісті.
Қазақстандағы KPMG компанияның өкілі, салық және заң саласында кеңес беру департаментінің басшысы Рүстем Садықов Қазақстанда трансферттік бағаны қалыптастыру бойынша заңнаманы қолдану тәжірибелері жөнінде баяндама жасады.
Негізгі баяндамалар талқыланып болғаннан соң дөңгелек үстел қатысушылары Argus Rusian Coal басылымында жарияланатын Argus котировкаларын қалыптастыру бойынша ұсынылған әдістерін талқылауға көшті. Олар Орталық Азия және Қазақстанның көмір нарығында трансферттік бағаны қалыптастыру аясында аталған бағаларды қолдану жайлы өз көзқарастарын білдірді.
Ресейлік көмірдің «Argus Топливо и энергетика» басылымында жарияланатын котировкаларын пайдалану, сондай-ақ Ресей және Орталық Азияға экспорттау кезінде қазақстандық өндірушілер көмірінің бағасын салыстыру үшін Ресейдің ішкі нарығындағы көмірдің құнын бағалануын қолдану секілді мәселелер белсенді талқыланды.
Семинар қатысушылары Argus ұсынатын бағалық индикаторлары туралы, қазақстандық көмірді экспорттау кезінде трансферттік бағаны қалыптастыру бойынша туындайтын мәселелерді шешу жолдары туралы өз білімін кеңейтті, сондай-ақ Argus котировкаларын қолданудың жаңа салалары жөнінде өз қалауларын білдірді.
Нақты айтқанда, делегаттар Екібастұз көмірінің КСН маркасының котировкаларын Қазақстанның мемлекеттік салық органдарымен іс-әрекет жасауда пайдалану бойынша қызығушылығын білдірді.
Нарық өкілдері өткен дискуссияға оң бағасын берді. Бұл іс-шара барлық мүдделі тараптарға еліміздің мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері мөлшерінің есептелуін қозғайтын тақырыптарын тікелей талқылауға мүмкіндік берді.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)