
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
«Кинологиялық орталығы жеке құрамының жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті» тақырыбында оқу-жаттығу сабағы өткізілгені туралы
Табиғаттың күшті дүлей әрекеті, мемлекеттің және халықтың экономикасына үлкен нұсқан келтіруде, және де адам баласының ықпалына көнбейтін әлі толығымен бағынбайды. Дүлей алапат – бұл табиғаттың құбылысы, адамдардың өмір сүрін және нысандардың жұмыс істеуін бұзатын оқыс жағдай. Жер сілкінісі – дүлей зілзаланың ең жойқындағыш түрі. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай-ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бірінші орынды алады және де табиғатты құрғатып, қирататын табиғаттың ең қорқынышты алапаты.
Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтықта таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.
Алматы қаласы мен Алматы облысында жыл сайын сейсмрграфтар 400-ге дейін жер үсті дүмпуін байқайды. Қазақстан Республикасында сейсмикалық қауіпті аймақта мына облыстар орналасқан: Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары.
Бірінші топқа мыналар жатады:
- ғимараттардың қирауы және құлауы;
- өрт;
- инженерлік құрылымдардың бұзылуы;
- аймақтардың залалсыздануы;
- геологиялық қауіпті өзгерісі.
Екінші топқа мыналар жатады:
- жаппай адамдар өлімі;
- үрей, дүрбелең;
- өмір тіршілігінің бұзылуы;
- экономиканың бұзылуы, өндірістің тоқтауы;
- эпидемияның өршуі;
- халықты көшіру.
Сейсмикалық аумақта ертеме кешпе жер сілкінісі болады. Қазіргі таңда ғылыми зертеулер жер сілкінісінің уақытын және эпицентрін дәл айта алмайды. Сондықтан іс-шараларға қызметкерлер мен жұмысшыларға іс-әрекеттеріне ертерек дайындық жүргізген тиімдірек болады.
Бүгін кәсіби дайындықтың жоспарына сәйкес және азаматтық қорғанысының жоспарына сәйкес, Кинологиялық орталығының жеке құрамына «Кинологиялық орталығы жеке құрамының жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті» туралы оқу-жаттығу бойынша кезекшілік қызметі бөлімі дәріс өткізді. Кинологиялық орталығының жеке құрамына плакаттар қолдану арқылы дәріс өткізілді, және де азаматтық қорғанысының барлық құрылымдарына практикалық көрсету арқылы дәріс жүргізілді.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)