Жарияланған күні: 29.09.2017 09:50
Өзгертілген күні: 29.09.2017 18:09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

«Халықаралық қарттар күні қарсаңында мемлекеттік кірістер органдарының ҰОС және еңбек ардагерлеріне баруы»

            Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бастап 1 қазанда аталып өтеді. 1990 жылғы 14 желтоқсандағы БҰҰ-ң Генералдық Ассамблеясының 45-нші сессиясында Халықаралық қарттар күні атауымен жарияланды.

            Қарттар күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ардагерлер кеңесінің төрайымы  Балжан Айтишқызы Сеилова мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық аппаратының қызметкерлері ҰОС және еңбек ардагерлеріне барды.

            Ардагерлерге азық-түлік жинақтары және біржолғы ақшалай көмек табыс етілді. Ардагерлер оларға көрсетілген құрметтері үшін алғыс білдірді.

            Мұндай қайырымдылық акцияларды аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері еліміздің басқа да өңірлерінде өткізді.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Жеңіс даңғылы,11)