Жарияланған күні: 17.10.2017 18:25
Өзгертілген күні: 17.10.2017 18:36

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Берлин қ. «Азия-Еуропа» форумы мүше-мемлекеттерінің кедендік қызметтері басшыларының кезекті отырысына қатысу

 

         2017 жылдың 16-17 қазан күндері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасының орынбасары Ғ. Әмрин бастаған делегациясы Берлин қаласындағы Азия-Еуропа кездесуі (ASEM) мүше-мемлекеттерінің кедендік қызметтері басшыларының кезекті Форумына қатысты.

         Бұл іс-шараға ДКҰ Бас хатшысы К. Микуриа, сондай-ақ 51 ASEM елдерінің кеден қызметтерінің басшылары қатысты.

      Биылғы жылы сауда-саттықты жеңілдету және кедендік процедуралар, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, бизнеспен серіктестік және халықаралық ынтымақтастық арқылы коммуникацияларды қолдау мәселелері басты тақырыптар болып табылады.

      Еуропалық Комиссияның спикері өз сөзінде осы маңызды құжатты іске асыру үшін әрбір елдің Ұлттық жоспарын құру арқылы мүмкіндігінше тез арада саудаға жәрдемдесу туралы ДКҰ-ның келісімін енгізу маңызды екенін атап өтті.

       Анықтама: ASEM (Азия-Еуропа жиналысы) - «Азия - Еуропа» форумы - Шығыс Азия және Еуропа елдерін біріктіретін халықаралық ұйым. ASEM құрамына 51 мемлекет кіреді, оның 2/3 әлемдiк сауда және әлемдiк жалпы өнiмнiң 60% және 2 халықаралық аймақтық ұйымдар біріктіретін ұйым (Еуропалық комиссия және АСЕАН хатшылығы).

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Жеңіс даңғылы, 11)