
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Алматы облысы бойынша МКД «Алтынкөл» кеден бекетінде Қырғызстан Республикасы, Ош облысы, Кара-Су ауылы Галяутдинова Р.А азаматшаның мекен-жайына импортталған тауарларды кедендік декларациялау кезінде тексеріп қарау барысында тауардың ілеспе құжаттарында мәлімделмеген жалпы салмағы 10843 кг. 886 орын болатын тауар анықталды.
Декларацияланбаған тауар «автобөлшектер және киім-кешек» жалпы салмағы 10843 кг болып, кеден органдарының алдын ала бағалауы бойынша тауардың құны 20 548 000 теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР ҚК 234-бабы 1-тармағы (экономикалық контрабанда) бойынша 2017 жылғы 19 қазаннан бастап қылмыстық іс қозғалды.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз-қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)