
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша «дөңгелек үстел»
2017 жылдың 3 қарашасында барлық деңгейдегі сот органдары өкілдерінің қатысуымен оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып өткізілді.
Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың 20 маусымында өткізілген Астаналық экономикалық форумында және Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы шақырылымның үшінші сессиясының ашылуында Елбасы, оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру, оның ішінде кәсіпорынды банкрот деп тану рәсімін жеңілдету бойынша тапсырма берген.
Аталған тапсырмаларды орындау мақсатында Комитет, оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган ретінде, тұжырымдамалық көзқарас шығарып, оңалту және банкроттық туралы қолданыстағы заңнамаға тузетулер әзірлеу үстінде.
«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар, бірлесіп, оңалту және банкроттық туралы істерді қарастырудағы соттың тәжірибесінде орын алатын мәселелерді шешу жолдарын әзірледі, сондай-ақ қолданыстағы оңалту және банкроттық саласындағы заңнамаға өзгертулерді бастамашылық ету қажеттілігін айқындады.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)