Жарияланған күні: 24.01.2018 17:53
Өзгертілген күні: 24.01.2018 17:55

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2018 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Мемлекеттік кірістер комитеті Тәлімгерлер кеңесі бейімделу Жоспарына сәйкес орындалған жұмыстар жайлы тәлімгерлердің пікірлері мен қызметкерлердің есептерін  тыңдады.

Жас мамандардың  сөз сөйлегендері Тәлімгерлер кеңесімен мақұлданды. Мемлекеттік кірістер комитеті Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы - Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры  Мамаев Т.Ш. жас мамандарға тілек сөздерін айтты.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)