Жарияланған күні: 07.02.2018 16:26
Өзгертілген күні: 07.02.2018 16:55

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

         ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігі арасында

екі жақты ынтымақтастықты нығайту

Қытайдың астанасы Пекин қаласында 2018 жылдың 29 қаңтары мен 31 қаңтары аралығында жұмыс сапарымен ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы болып қайтты.

Сапар барысында делегация Қытайдың бейіндік департаменттерінің Мемлекеттік салық әкімшілігі, сондай-ақ Қытайдың Пекин салық әкімшілігі өкілдерімен кездесті. Екі ел өкілдерінің кездесуі арасында екі ведомстволарының саласында  салық әкімшілігін жүргізуді жетілдіру мәселелері, сондай-ақ одан әрі өзара іс-қимыл бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және осы жылға дейін қол жеткізген жетістіктер талқыланды.

Кездесу барысында ҚР ҚМ МКК Салықтық бақылау департаментінің директоры Мәди Такиев қытайлық әріптестеріне ҚҚС қайтаруды әкімшілендіру тұрғысында Қазақстанның салық заңнамасындағы жаңашылықтар  туралы хабарлады.

Өз кезегінде Қытай тарабы қазақстандық әріптестеріне ҚҚС қайтару бойынша тәжірибесі туралы айта келе, басқа да сұрақтардың басын ашты, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін және әкімшілендіру бойынша ҚҚС қайтару, салық салынатын айналымдар бойынша нөлдік ставка бойынша және де экспортталатын тауарлар жайлы сөз етті.

Екі жақ тараптар, сондай-ақ  "Бір белдеу, бір жол" бастамасы шеңберінде   салық мәселелері бойынша  алғашқы  ауқымды халықаралық іс-шаралар өткізу мәселелерін қарастырды.

ҚР ҚМ МКК және ҚХР МСӘ халықаралық құрылымдарының басшылары Ермек Кожабергенов пен Ляо Тижуна кездесуінің қорытындысы бойынша Астана қаласында (ҚР) 16-18 мамыр аралығында «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдердің салық әкімшіліктерін, халықаралық ұйымдарын және ғылыми-зерттеу институттарын шақыра отырып, "Бір белдеу, бір жол" бастамасының шеңберінде  салықтық ынтымақтастық мәселелері бойынша конференция өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Екі жақты кездесу  толық өзара түсіністікте өтті. Екі жақ тарап та салықтық әкімшілік саласында қарым-қатынастарын нығайтуды қолдады, сондай-ақ халықаралық іс-шаралар жүргізуге сенім білдірді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)