Жарияланған күні: 08.02.2018 17:35
Өзгертілген күні: 08.02.2018 18:30

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Бүгін 8 ақпанда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Смағұлова Г.А. және басқарманың бас сарапшысы Бейсеналиев Д.С. қатысуымен «Арнаулы салықтық режимдер» тақырыбында брифинг өткізілді.

Смағұлова Г.А. өз сөзінде 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Жаңа Салық кодексімен барлық арнаулы салық режимдері (бұдан әрі  - АСР) сақталғандығын, яғни мынадай өзгерістер  қарастырылғадығын апат өтті:

Патент негізіндегі АСР әлеуметтік салық жойылды. Сонымен бірге, жеке табыс салығының мөлшерлемесі 1 пайыз мөлшерінде белгіленеді, сауда саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалармен қолма-қол айналым бойынша қолданылатын 2 пайыз мөлшерінде белгіленген мөлшерлемені қоспағанда.

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР  табыстар мөлшері (жылына 100 млн.тенге) және жұмысшылар саны (30 адам) бойынша біріккен шектер бекітілді.

Жаңа тіркелген шегерім пайдаланылатын АСР 2018 жылдан бастап енгізілді. Бұл АСР-і табыстар мен шығыстар есебін жүргізуге негізделген. Шекті табыс және жұмысшылардың шекті санының мөлшерлері тиісінше, 300,0 млн.теңге және 50 адам.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын АСР-да жылдық жыйынтық табыс (бұдан әрі - ЖЖТ) сомасынан 30 пайыз мөлшерінде қосымша тіркелген шегерім қолдану қарастырылған. Қосымша шегерімді қолдану кезінде шегерімге апарылатын шығыстардың жалпы сомасы, қосымшаларды қоса алғанда, ЖЖТ-тың 70 пайызынан аспау керек. Сонымен бірге, еңбекақыны төлеу қорының 100 пайызы мөлшерінде салық салынатын табысты төмендету бойынша норма (еңбекақы қорының осындай мөлшерінде қолданылатын шегерімнен басқа) қарастырылған. 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушелер (АШӨ) мен ауыл шарашылығы кооперативтері үшін АСР  БСҰ талаптарына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелген ҚҚС сомасын 70 пайызға төмендету бойынша жеңілдіктер жойылды. Ынталандырудың балама шаралары қарастырылды.

Біріккен жер салығы (бұдан әрі БЖС) негізіндегі АСР-де шаруа және фермерлік қожалықтың басшысы, мүшесі және жұмыскерлері үшін әлеуметтік салық жойылады. Бұл режимді қолдану кезінде жүзеге асырылатын басқа қызмет түрлеріне тыйым салу алынып тасталды, бөлек есеп жүргізу міндеттемесін белгілеу арқылы.

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз - қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)