
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғ.К. Әмриннің, Қауіпсіз сканерлеу технологиялар саммиті және Шекарадағы электрондық коммерция бойынша бірінші жаһандық конференциясы сияқты бірқатар ірі халықаралық іс-шараларға қатысу мақсатында Бейжің қаласына 2018 жылдың 8-ші ақпанында іс- сапары жүзеге асты.
Қауіпсіз сканирлеу технологиясының саммиті, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің тауарларды жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында, сондай-ақ халықаралық сауда процестерін жеделдетуге және сауда кедергілерін жоюға ықпал ететін, стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылатын қытайлық NUCTECH компаниясымен ұйымдастырылды және өткізілді.
«NUCTECH» компаниясы - кедендік бақылаудың техникалық құралдарын өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы. Бүгінгі күні Мемлекеттік кірістер комитеті Еуропалық Одақтың сыртқы шекарасында орналасқан барлық кедендік бекеттерге қытайлық компаниясының жабдықтарын сәтті қолдануда.
Сапар барысында Ғ.Әмрин Дүниежүзілік кеден ұйымымен бірлесіп Қытай кеден әкімшілігі ұйымдастырған Шекаралық электронды коммерция бойынша Бірінші жаһандық конференцияға қатысты.
Конференция жұмысына 130 кеден әкімшілігінің өкілдері, 200-ден астам жеке сектор өкілдері, оның ішінде ірі ұлттық және трансұлттық компаниялардың басшылары қатысты.
Электрондық коммерция бүгінгі күні Дүниежүзілік Ғаламтордың қарқынды дамып келе жатқан сегменті болып табылады. Бизнес-орта өкілдерінің ақпараттық технологиялары мен Интернеттің жетістіктерін пайдалану, тұтынушыларға тауарлар мен қызметтерді сатып алу барысында уақыт пен ақшаны үнемдеуге ұмтылудың артуымен байланысты.
Конференцияға қатысушылардың айтуынша, трансшекаралық электрондық сауда, бір жағынан, елдер арасындағы тауар айналымын арттырады, бұл олардың экономикалық дамуына оң әсер етеді, ал екіншісі - кеден органдарының өз қызметін жаңа жағдайларға бейімдеуін талап етеді.
Іс-шара барысында қатысушыларға тәжірибе алмасу, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қарастыру, сондай-ақ электронды коммерцияны басқару саласындағы проблемаларды егжей-тегжейлі талдау және оларды шешу жолдары үшін интерактивті платформа берілді.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)