
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті 2018 жылғы 1 наурызында Астана уақыты бойынша сағат 21.00-ден бастап 2 наурыз күні сағат 00.30-ға дейінгі уақыт аралығында «Электрондық шот-фактура» ақпараттық жүйесін жаңартылуын орнату бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдейді:
1. ЭШФ АЖ дамыту тапсырмалары:
1.1. Салық төлеушіні белгілі бір оқиғалардың мерзімінің аяқталуы туралы хабардар ету қызметі жүзеге асырылды.
2. Бұрыннан жүзеге асырылған механизмдерді жетілдіруге арналған тапсырмалар:
2.1 «Өлшем бірліктер» анықтамасын жаңарту;
2.2 Негізгі ЭШФ теріс мәнмен жазған кездегі G8, G11 және G14 бағандарындағы қателерді бір мезгілде көрсету;
2.3 Түзетілген ЭШФ-да алушы катгориясы «Бейрезидент» болған жағдайда «17. Қабылдаушы» және «18. Орналасқан мекен-жай» өрістерін өзгертуге мүмкіндік;
2.4 «CryptoSocket» БҚ жүктеу сілтемесін жаңарту;
2.5 D тарауындағы «25.2. Жүк жіберуші», «26.2. Жүк алушы» өрістерінің өлшемдерін өзгерту;
2.6 Бас кәсіпорынның және филиалдың қызметкерінің профилінен филиалдың екі рет көрсетілу қатесін дұрыстау;
2.7 «Есептеу жүйесінің нөмірі» өрісінің бірегейлігіне бақылауды өзгерту;
2.8 Тіркелген кезде және құпия сөзді өзгерткен кезде енгізілген құпиясөзді көру үшін функция қосу;
2.9 Егер БҚД-дан деректер алу кезінде қазақ тілінде деректер болмаған жағдайда тіркеу бетінде қазақ тіліндегі Атауы өрісіне орысша атауын көрсету.
3. Жүйедегі қателіктерді жою:
3.1 Басып шығару кезінде ЭШФ бланкі атауына «Электронды» сөзін қосу;
3.2 XLS форматында есептерді құрастыру кезінде нөлден басталатын ЖСН/БСН көрсету қателігін түзету;
3.3 Құрылымдық бөлімшенің (филиалдың) БСН өрісіндегі қате БСН енгізген кездегі мәтіннің қателігін аудару;
3.4 Бейрезидент адресіне жазылған ЭШФ-ті шақыру кезіндегі қатені түзету.
Осыған байланысты, белгіленген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қол жетімді болмайды.
Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!