
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына !
ҚР ҚМ МКК 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап барлық кедендік рәсімдер АСТАНА-1 АЖ -де өңделетінін хабарлайды.
КААЖ-2 ҚБҚ, АСТАНА-1 жүйелерінде профилактикалық жұмыстар өткізілуіне байланысты кедендік рәсімдеу процесі 31.03.2018 жылдың 21.00 сағатынан бастап 01.04.2018 жылдың 00.00 сағатына дейін тоқтатылады.
Кедендік рәсімдеу процесі АСТАНА-1 АЖ –де:
- 01.04.2018 жылдың 00.00 сағатынан бастап 18.00 сағатына дейін - белгіленген мерзімде төлем жасағанда (01.04.2018 жылдың 00.00 сағатынан бастап 18.00 сағатына дейін);
- 01.04.2018 жылдың 18.00 сағатынан бастап - егер төлем бар болса, соның ішінде артық төленген сомалар болса, өндірілетін болады.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» жаңа Кодексінің шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің «Төлеушілердің дербес шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында төленуге жататын кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждар, өсімпұлдар, пайыздар, аванстық төлемдердің сомалары:
- резиденттер, бейрезидентермен-заңды тұлғалармен – Мемлекеттік кірістер оганында төлеушінің тіркеу (тұратын жері) орны бойынша;
- бейрезиденттермен - жеке тұлғалармен тауарлар шығарылатын жерде төленеді (өндіріліп алынады).