Жарияланған күні: 28.04.2018 12:10
Өзгертілген күні: 28.04.2018 12:18

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 

Әдеп жөнiндегi уәкiл жұмысын жақсартуға және мемлекеттік қызметшілер арасындағы қызметтік әдеп нормаларын нығайту бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасымен 2018 жылдың 19 сәуірінде Мемлекеттік қызметшілердің әдеп және мінез-құлық нормаларын түсіндіру және талқылау бойынша, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен жұмыс жүргізілді.

Семинар-жиналыста мемлекеттік қызметшілердің әдеп және мінез-құлық нормаларының басымдығы ситуациялық үлгі негізінде, яғни жұмыс кезінде және жұмыстан тыс кезіндегі тәртібі, қызметтік қарым-қатынастағы, әлеуметтік медиа қолданудағы, Тимбилдингтегі әрекеттері, мүдделер қайшылығы және тәжірибе жүзінде кездесетін әдепке сәйкес келмейтін жүріс-тұрыстар фактілері  талқыланды.

Осы семинар-жиналыста  мемлекеттік қызметтің оң имиджін, сонымен қатар ұжымдағы оң ахуалды сақтап қалу және жақсарту үшін әр мемлекеттік қызметкерге не істеуі керегі анықталды.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)