
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алқа мәжілісі өткізілді. МКК-нің Алқа мәжілісінде мемлекеттік кірістер органдарының 2018 жылдың 1-тоқсанындағы қызметінің нәтижелері және 1-жартыжылдыққа көкейтесті міндеттері қарастырылды.
Ағымдығы жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік бюджетке 1794 млрд. теңге түсімді қамтамасыз етіп, жоспарды 106% орындады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, кірістердің өсімі 12% немесе 187 млрд. теңге құрады. Оның ішінде, республикалық бюджет бойынша жоспар 102%, жергілікті бюджет бойынша жоспар 120% орындалды.
Осы жылы Комитет тексерулердің санын азайта отырып, елеулі нәтижелерге қол жеткізді.
Осылайша, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша тексерулер саны екі еседен артық немесе 58% қысқартылды. Салыстыру үшін: өткен жылы 15 мың тексеру, ағымдағы жылы 6 мың тексеру жүргізілген.
Бұл ретте, салық тексерулері бойынша бюджетке 22 млрд. теңге, кедендік тексерулер бойынша 730 млн. теңге қосымша есептелген.
Өткен жылмен салыстырғанда, камералдық бақылау бойынша хабарламаларды жолдаудан әсері 2 есеге өсті (1 тоқсанда бюджетке 10 млрд. теңге түскен).
Салық төлеушілерге жолданған хабарламалар 3,5 есеге кеміді – өткен жылдың 1 тоқсанындағы 20 мыңнан осы жылы 6 мыңға дейін.
Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қарсы бағытталған жүйелі шара ретінде алкоголь өнімдерінің және мұнай өнімдерінің өндірісін Есептеудің бақылау құралдары (ЕБҚ) енгізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта, ЕБҚ-ы 18 мұнай өңдеу зауыттарында және 48 алкоголь өнімдерін өндіретін зауыттарда орнатылған.
Бұл акцизделетін өнімдердің өндірісі және айналымы туралы жедел ақпараттарды алуға мүмкіндік береді.
Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын табу барысында алкогольді өнімдердің 5 млн. астам шөлмегі тәркіленді.
Анықтама үшін: 1-тоқсанда алкогольді өнімдердің 5,3 млн. шөлмегі, 2,0 млн. жасанды есептік-бақылау маркалары және 23 113 литр спирт тәркіленді.
«Қазақстаннның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Мемлекет Басшысының Жолдауы шеңберінде Комитетпен бақылау рәсімдерін оңайлатуға бағытталған «Салықтардың жиналуын көбейту» жобасы жүзеге асырылып келеді.
2017 жылдың қараша айынан бастап «Тауарларды таңбалау» ақпараттық жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды. Нәтижесінде, төленген салықтар мен кедендік төлемдердің сомасы 3,5 есеге өсті (20 млн.теңгеден 70 млн. теңгеге дейін), ал импорттаушылардың саны 2 есеге өсті (35 млн. теңгеден 70 млн. теңгеге дейін).
Саудадағы қолма-кол есеп айырысуды төмендету мақсатында, Комитет Ұлттық экономика министрлігі және Астана қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, салықтық кеңестік қызметтер көрсетілетін «Шапағат» коммуналдық нарығының базасында «Заманауи форматтағы сауда нарығы» пилоттық жобасын іске асыруда.
Іс-шара нәтижесінде 366 сауда орындары немесе сауда орындарының жалпы санының 99% -ы (371) нарықта POS-терминалдармен, 231 сату орны немесе 62% -дан астам тіркеу және деректерді беру функциясы бар кассалармен жабдықталған.
Сатып алушылар мен сатушыларға қолма-қол ақшасыз төлемдер, смарт-технологияларды қолдану және табыстылықтың ашықтығын арттыру үшін «Картамен төле, чекті талап ет – Елорданың дамуына сенің үлесің» акциясы 22 және 27 наурызда өткізілді.
Электрондық декларациялауды дамыту мақсатында 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі барлық кедендік рәсімдер бойынша іске қосылды, ол тауарларды шығарғаннан кейін алдын-ала ақпаратты ұсынған сәттен бастап бүкіл кеден үдерісін автоматты түрде бақылауға мүмкіндік береді.
Осылайша, бұл ақпараттық жүйе кедендік рәсімдердің тиімділігін арттырып қана қоймай, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден органдарының тікелей байланыстарын барынша азайту жолымен сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне ықпал етеді.
Бүгінгі күні, бұл ақпараттық жүйемен 260 мыңнан астам декларациялар шығарылды.
Комитеттің жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын жүргізуге бағытталған.
«Сыбайлас жемқорлықсыз заңды мемлекет» атты 4-ші реформаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде, Комитетпен «Бірінші жемқорлыққа қарсы медиаорталық» Республикалық қоғамдық бірлестігімен (бұдан әрі - Қоғамдық бірлестік) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қазіргі уақытта, Қоғамдық бірлестікпен бірлесіп, мемлекеттік кірістер органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларының тиімділігін тексеру бойынша бірқатар шаралар жоспарлануда.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)