Жарияланған күні: 28.05.2018 18:50
Өзгертілген күні: 28.05.2018 18:58

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде кедендік бақылаудағы тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тұсаукесер (презентация) өтті.

Бұл кездесуге ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сарапшылары, сондай-ақ бизнестің өкілі ретінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қатысты.

Кездесуде электронды декларациялауға өту шарттарындағы тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану, сондай-ақ бизнестің ұсыныстары талқыланды.

Соңғы жылдары халықаралық сауда рәсімдерін оңайлату үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жалпыәлемдік тәжірибеге айналды.

Осы тренд аясында Мемлекеттік кірістер комитеті Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры – Мамаев Талғат ағымдағы жағдаймен, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін одан әрі жаңғырту жоспарларымен, соның ішінде жаңа IT-технологияны қолдану жолдарымен бөлісті.

Сонымен, жаңа технологияларды қолдану бізге зияткерлік талдауды қолданумен үлкен көлемді мәліметтерді өңдеуге және өңдеу уақыты мен осындай мәліметтерді талдау уақытын азайтуға; жаңа тәуекел аймақтарын табуға, сондай-ақ «тәуекелді» СЭҚ қатысушыларын және кедендік төлемдер мен салықтардан жалтарудың үлгілерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жаңа технологияларды қолдану – адал СЭҚ қатысушылары қызметіне қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге, сәйкесінше оны қолдану тиімділігін арттыруға мүмкіндік жасайды,- деді Т. Мамаев.

Кездесудің қорытындысында мемлекет пен бизнес ынтымақтастығы айқын тәжірибелік қолданысын және өзінің тиімділігін дәлелдейтіндігін көрсетті.

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)