Жарияланған күні: 12.09.2018 17:16
Өзгертілген күні: 12.09.2018 17:17

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Астана қаласы                                                                                                  2018 жылдың 12 қыркүйегі

 

Баспасөз релизі

 

2018 жылдың 12 қыркүйегінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде Қоғамдық мониторингілеу тобының бірінші мәжілісі өткізілді

 

2018 жылдың 12 қыркүйегінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде Қоғамдық мониторингілеу тобының бірінші мәжілісі өткізілді.

Қоғамдық мониторингілеу тобы - мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты бағалауды жүзеге асыратын кеңес беру органы.

Қоғамдық мониторингілеу тобының құрамына азаматтық қоғам институтының өкілдері, бизнес, ғылыми және зерттеу қоғамдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері және блогерлер, Комитеттің орталық аппаратының қызметкерлері енді.

Қоғамдық мониторингілеу тобының Төрағасы ретінде танымал қоғамдық қайраткер Ирак Қасымұлы Елекеев сайланды.

Мониторингілеу тобын құрудың негізгі мақсаты - мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бақылауды күшейту.

Бірінші мәжіліс барысында Комитет Төрағасының бекіткен Қоғамдық мониторингілеу тобының құрамы және ережесі ұсынылды.

Қоғамдық мониторингілеу тобының негізгі қызметі мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық сипаттарына жол беретін себептер мен тәуекелдерді талдау, сондай-ақ азаматтарды қабылдау және өтініштерін қарау, мемлекеттік қызметті алушылар мен мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында «нөлдік шыдамдылықты» насихаттау болып табылады.

Сонымен қатар, Қоғамдық мониторингілеу тобының жұмысы барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мемлекеттік қызмет көрсету орындарында жайлы жағдайлар тудыру, әкімшілік тосқауылдарды төмендету мақсатында аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына бару жоспарлануда.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)