Жарияланған күні: 23.04.2019 16:25
Өзгертілген күні: 23.04.2019 16:26

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті және Корея кедендік қызметі арасындағы кедендік ынтымақтастық бойынша 10-отырысы өтті

 

2019 жылғы 22 сәуірде Корея Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасына сапары аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Кореяның кеден қызметі басшыларының 10-шы кездесуі өтті.

Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин мырзаның келуі, Кореяның ынтымақтастықтың көптеген мәселелері бойынша Қазақстанның стратегиялық серіктесі болуы және біздің елдеріміз арасындағы жақсы ынтымақтастықтың айқын дәлелі болып табылады.

Кездесу барысында екі ел президенттерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы және Кореяның кеден қызметі Комиссары Ким Ен-Мунмен уәкілетті экономикалық операторларды өзара тану туралы Меморандумға қол қойылды.

УЭО өзара тану туралы меморандум Қазақстан мен Кореяның кеден қызметтері арасындағы стратегиялық әріптестікке жаңа серпін береді, сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестікті күшейтеді және инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Тараптар сондай-ақ цифрлық технологияларды (блокчейн, жасанды интеллект және т.б.) қолдану тәжірибесін және кедендік бақылауды жүзеге асырудағы соңғы техникалық құралдарды алмасуға келісті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ҚР ҚМ МКК Оқу-əдістемелік орталығының жəне Корея Республикасының кеден шекарасын бақылау жөніндегі оқу орталығының базасында екі елдің кеден қызметкерлерінің біліктілігін арттыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Кездесу соңында тараптар кедендік ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастықты нығайту және осындай кездесулерді жүйелі түрде өткізу жөніндегі белсенді жұмысын жалғастыруға келісті. Кедендік ынтымақтастық бойынша 11-ші қазақстан-корея кездесуі 2020 жылға жоспарланған және Корея Республикасында өтеді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)