
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Баспасөз релизі
Электронды шот-фактураны жазып беру қағидалары бойынша
ҚР ҚМ жаңартылған бұйрығы қолданысқа енді
Құрметті салық төлеушілер!
Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 жаңартылған бұйрығы қолданысқа енгендігін хабарлайды.
Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (2019 жылғы 10 мамырдан бастап) және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Бұйрықты сілтеме арқылы жүктеуге болады.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)