
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Баспасөз релизі
Марат Сұлтанғазиев пен Метин Эйнуллаев Қазақстан мен Әзірбайжанның салық қызметтерінің екіжақты ынтымақтастығы сұрақтарын талқылады
2019 жылғы 2 мамырда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің Әзірбайжан Республикасының Салық министрі Метин Эйнуллаевпен екіжақты кездесуі болды.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту және салық қызметін жаңғырту бойынша тәжірибе алмасу мәселесі талқыланды. Тараптар екі ел ынтамақтастығының жоғары деңгейін атап өтті, маңызды нәтижелерінің бірі 2018 жылы тауар айналымының екі есе өсуі болды.
ҚР ҚМ МКК төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше «Екі елдің фискальды қызметтерінің арасында жағымды және конструктивті диолог қалыптасты. Біздің ынтымақтастығымыздың деңгейі практикалық тәжірибемен алмасуға және өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылауға қатысты кездесулерді өткізуге мүмкіндік береді деп атап өтті».
Кездесу соңында тараптар осындай кездесулерді ұдайы негізде өткізу туралы уағдаласты.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)