Жарияланған күні: 04.05.2019 16:41
Өзгертілген күні: 24.05.2019 17:02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті

 

Қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында 2019 жылғы 04 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы базасында (Алматы қ.) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Салтанатты жағдайда үрмелі оркестр орындауымен Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды және кинологиялық орталықтың жаңадан қабылданған қызметкерлері ант қабылдады.

Жас қызметкерлерге құттықтау сөздерімен Жетісу ауданының әкімі, Алматы қаласы бойынша МКД басшысы, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, Түрксіб аудандық сотының өкілдері, Алматы жолаушылар тасымалы және технология колледжінің директоры түлектерімен сөз сөйледі.

Іс-шара екі бөлімнен тұрды: салтанатты ант қабылдау және ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы қызметінің негізгі бағыттарымен экскурсиялық танысу рәсімі.

Мерекелік іс-шара соңында құрметті қонақтар мен қатысушыларға ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығының қызметімен, оның оқу және материалдық-техникалық жабдықталуымен, кинологтарды дайындау бойынша негізгі бағыттармен танысуға мүмкіндік берілді, сондай-ақ қызметтік иттерді қолдану арқылы көрсетілім көрсетілді.

Салтанатты жиынға қатысушылар осындай іс-шаралар мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлерге мемлекет тарапынан ерекше сенім мен қызметтік борышын орындауға жеке жауапкершілік сезімін білдіретінін атап өтті.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)