Жарияланған күні: 17.05.2019 15:57
Өзгертілген күні: 21.05.2019 17:55

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

«Кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесі» тақырыбына қашықтықтан семинар өткізді

 

2019 жылдың 15-17 мамырда аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесі» тақырыбына видеоконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің бірыңғай жүйесін жүзеге асыру туралы ақпарат беру және халықаралық стандарттарға сәйкес тәуекелдерді басқару және жетілдіру саласында құзіретін жетілдіру, сонымен қатар тәуекелдер деңгейі жоғары салаларға назарды жұмылдыру, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өте тез және жеңілдетіп өткізу үшін ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

Іс-шараның модераторы-дәріскері ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Серик Кенесович Биекенов қатысты. 

Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімдерінің  қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде Болат Имангалиевич Абдухалимов – ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы бастапқы даярлау бөлімінің бас маманы қатысты.

Қатысушылар тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі мақсаттарымен, тәуекелдерді талдау объектілерімен, кедендік реттеу саласындағы тәуекелдерді басқару және бағалау бойынша уәкілетті органдардың қызметімен, кедендік рәсімдерді жеңілдету және үйлестірудегі әлемдік стандарттар мен тәжірибесімен, ТБЖ енгізуде принциптермен, түрлерімен және элементтермен, іс-шараларды енгізу және болжамды нәтижелермен, СЭҚ қатысушыларын санаттаумен, АСТАНА-1 АЖ-дегі тәуекелдерді басқару жүйесімен, тәуекелдерді кескіндеу және оларды актуалдандырумен, тәуекелдерді басқару жүйесінің болашақтағы дамуымен  таныстырылды.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)