Жарияланған күні: 03.08.2019 13:25
Өзгертілген күні: 05.08.2019 10:30

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2 тамыз 2019 ж.                                                                                                    Нұр-Сұлтан қ.

 

ЕРЛЕР ГАЛСТУГІНІҢ САЛМАҒЫ 65 КГ, ШАҚПАҚ – 12 КГ: СЭҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ТӨЛЕМДЕР МЕН САЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРУ ҮШІН ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚОЛДАНУДА

 

Мемлекеттік кірістер органы жұмысының басымдылығы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-әрекет, оның ішінде әсіресе Қытайдан импортталатын мәлімделген тауарлардың шынайылығын қамтамасыз ету болып табылады.

 

Ағымдағы жылдың басынан бастап «АСТАНА-1» АЖ-да бағалық ақпаратты автоматты түрде іздеу модулі іске қосылды, мұнда бағалық ақпарат бағдарламамен Еуразиялық экономикалық одақтың барлық аумағы бойынша ресімделген біртекті және бірдей тауарлардың қорын мониторингтеу жолымен ұсынылады.

Дегенмен, кедендік тазартудың барлық процесстері автоматтандырылғанына қарамастан, дәйексіз декларациялау жолымен кедендік төлемдер мен салықтардың тиесілі сомасын төлеуден жалтару фактілері кездеседі, деп хабарлады ҚР ҚМ МКК Кедендік әдіснама департаменті Кедендік құн және тарифтік реттеу басқармаcының басшысы Серік Суменов.  

Оның айтуынша, жыл басынан бері кедендік құнды бақылауды күшейтудің есебінен қосымша – 10,1 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтар өндірілді. Олардың 4,9 млрд. теңгесі ҚХР-дан әкелінген тауарлар бойынша өндірілген.

«Тауар айналымын талдау және декларациялаудың деректер қорының мониторингі адал емес сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауарлардың салмағы мен санын айла-амал жолымен кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша  шаралар қолданатынын көрсетті» - деді Суменов.

Ақпаратынша, кедендік әкелу баждарының кейбір ставкалары тауардың салмағына не санына байланысты болып келеді.

Сонымен, мониторинг жүргізудің нәтижесінде, мынадай фактілері анықталды:

- әйелдер туфлиі 1 жұбы үшін 3 кг. бойынша декларацияланған;

- ерлер галстугі, 1 данасы үшін 65,6 кг. салмағымен декларацияланған;

- кубик-рубик, 1 данасы үшін 15,1 кг. салмағымен декларацияланған;

- ересектерге арналған шақпақ (зажигалка), 1 данасы үшін 12,6 кг. салмағымен декларацияланған.

Қазіргі уақытта, аталған сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты кедендік төлемдер мен салықтардың тиесілі сомасын қосымша есептеу мақсатында барлық қажетті бақылау іс-шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, болашақта аталған СЭҚҚ-мен тауарларды кедендік ресімдеу кезінде «АСТАНА-1» АЖ-дағы жасыл дәлізді қолдануға жол берілмейді. Жоғарыда айтылғандардан бөлек, аталған СЭҚҚ-ларға қатысты кедендік және салықтық бақылаудың барлық қажетті шаралары қолданылатын болады.  

Шынайы декларациялауды және тауарлардың кедендік құнын бақылауды қамтамасыз ету Мемлекеттік кірістер комитеті қызметінің басты басымдылықтарының бірі болып табылатынын атап өту қажет, және бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді, - деп қосты С.Суменов.

Қосымша ақпарат:

Былтырғы жылдың басынан бастап «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Аталған жүйе тауарларды кедендік тазарту процессін автоматтандырды. Сонымен, кедендік бақылауды жүргізу кезінде барлық мүмкін болатын тәуекелдер болмаған жағдайда, тауарларға арналған декларация «жасыл дәлізге» жіберіледі, яғни автоматты түрді шығарылады. Аталған жаңа енгізілім кедендік бақылауды жүргізу кезінде адами факторды барынша азайтуға мүмкіндік берді, сонысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтты.

Қазіргі таңда шамамен 70 пайыз тауарларға арналған декларация жасыл дәлізде шығарылады.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі