Жарияланған күні: 26.08.2019 11:28
Өзгертілген күні: 26.08.2019 12:58

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ШАМАМЕН 1 МЛРД.ТЕҢГЕ ТӨЛЕДІ

 

Қазақстанның 47 318 салық төлеушілері 913,4 млн.теңге салық төледі. Ережеге сәйкес, негізгі қарызды толығымен төлеу өсімпұлды есептен шығарудың негізгі шарты. Осыған орай жеке тұлғаларда 287,8 млн.теңге сомасына өсімпұл есептен шығарылған.  Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төраға орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлімдеді.

Оның мәліметтеріне орай, салықтық рақымшылықтың мүмкіншілігін қолданған жеке тұлғалардың арасында, негізгі қарыз сомасы өсімпұл сомасынан жоғары болған азаматтар бар. Сонымен, бір жеке тұлғаның негізгі қарызы 251 млн.теңгені құрайды, ал өсімпұл  310 млн.теңге, негізгі қарызды төлеу нәтижесінде, өсімпұл толығымен есептен шығарылған.  

Сонымен қатар, 2 382 СТ бойынша 81,1 млн.теңгеге салық берешегі есептен шығарылған, оның ішінде салық – 41,7 млн.теңге, өсімпұл – 39,4 млн.теңге, он бес жылдан астам дербес шотта қате есептелінген бересі сомалары бар жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтен шыққан салық екенін Ж.Інкәрбаев атап өтті.

Салықтық рақымшылықты өткізу қағидалары Заң шеңберінде ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Мемлекет басшысымен қол қойылып, 2019 жылдың 30 шілдесінде № 19122 Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткенін ескертеміз. 2019 жылдың 2 тамызында нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкте ресми жарияланып күнтүзбелік он күн өткен соң, яғни 2019 жылдың 13 тамызында қолданысқа еңгізілді.  

Осыған байланысты, 13-14 тамызында аумақтық МКБ өсімпұлды есептен шығару жөнінде комиссия құру бұйрықтары шығарылды, сонымен қатар,   он бес жылдан астам дербес шотта қате есептелінген бересі сомалары бар жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғалардың тізімі бекітілді.

Анықтама: 2019 жылдың 1 қантардағы жағдай бойынша 1,4 млн. жеке тұлға бойынша 20,9 млрд.теңге салықтық берешегі бар, соның ішінде негізгі қарызы -14,3 млр.теңге, есептелінген өсімпұл -6,6 млр.теңге

Салық берешегінің ең көп сомалары немесе 70 пайызы көлік құралдары салығына тиесілі, жер салығы бойынша – 12% (немесе 2,5 млрд.теңге ), мүлік салығы бойынша – 6,7 % (немесе 1,4 млрд.теңге)

 

ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі