
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ СТАНЦИЯСЫНДА ҚҰЖАТТАРСЫЗ 2 ТОННАДАН АСА БЕНЗИН САҚТАУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Ақмола облысы Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері ілеспе жүкқұжаттарсыз мөлшері 2 мың 294 литр АИ -95 маркалы бензин сақтау фактісін анықтады. Жалпы сомасы 396 мың 862 теңге кұжаттарсыз бензин жанармай құю станциясында Алматы–Екатеринбург тас жолына жақын орналасқан Арайлы ауылында ұсталды.
Аталған факті бойынша әкімшілік материал толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Анықталған мұнай өнімдері жауапты сақтауға қойылды.
Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281-б. 5-т. 2-тармақшасына сәйкес мұнай өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарсыз айналымы үшін, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын мұнай өнімдері тәркіленеді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің