Жарияланған күні: 22.02.2016 16:32
Өзгертілген күні: 22.02.2016 16:33

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Бүгін мүлікті жария ету мәселесі бойынша ҚР ҚМ МКК Даму және жаңғарту департаменті директоры Е.Е. Біржановтың және  Тәуекелдер, талдау және статистика басқармасы басшысының орынбасары
Е.Е. Сағынаевтың катысуларымен брифингі болып өтті.

Жария ету 2014 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Ағымдағы күнге барлығы 704 млрд. теңге жария етілді, оның ішінде: Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлік бойынша 498 млрд. теңге сомасы; Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан мүлік бойынша
1 млрд. теңге сомасы; ақша 205 млрд. теңге сомасына жария етілді.

Өткізіліп жатқан акцияның қарқынын жақсарту мақсатында 2015 жылғы 13 қарашада Мемлекет басшысымен тиісті Заңға қол қойылып 2015 жылдың желтоқсанынан бастап заң қолданысқа енгізілді.

Заң мынадай негізгі ережелерді көздейді: ақшаны жария ету рәсімі түбегейлі оңайлатылды.

Енді ақшаны екі тәсілмен заңдастыруға болады.

Бірінші:  Оларды банк шоттары арқылы көрсету және өзінің кез келген мұқтаждықтарына пайдалану, мысалы: бизнеске салу, жылжымайтын мүлік сатып алу және т.б., және соңында, жай ғана банк шотынан алу. Осының барлығы 10% алымды төлемей жүргізілетін болады.

Екінші тәсіл: Шетелде орналасқан немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны өтініш беру нысанында, банк шотында көрсетпей-ақ заңдастыруға болады. Бірақ бұл ретте бюджетке 10% алым төленеді.

Осы және басқа жағдайда да жария ету субъектісі мемлекеттік кірістер органына тиісті декларацияны тапсырады.

Мүлікті жария ету рәсімдері елеулі оңайлатылды.

Енді Қазақстан аумағында орналасқан және тиісті түрде ресімделген мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларацияны және ілеспе құжаттарды тапсыру жеткілікті. Осы жағдай шетелде орналасқан мүлікті жария етуге де қатысты.

Жария ету субъектілеріне қосымша кепілдіктер берілді.

Мүлікті жария етумен байланысты кез келген мәліметтер банктік және салықтық құпия болып табылады. Сондай-ақ жария етілген мүлік тәркіленуі мүмкін емес.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі