Жарияланған күні: 01.10.2019 13:04
Өзгертілген күні: 03.10.2019 16:55

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

1 қазан 2019 ж.                                                                                                      Нұр-Сұлтан қ.

 

БІР АЙ ІШІНДЕ «ЧЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ, ЖҮЛДЕ ҰТЫП АЛ!»

АКЦИЯСЫНДА 300 ЖУЫҚ ЖЕҢІМПАЗ АНЫҚТАЛДЫ

 

Ағымдағы жылғы 21 тамыздан 25 қыркүйекке дейінгі кезеңде акцияға 3 971 пайдаланушы қатысқан, олар 40 139 чек жолдаған, көрсетілген кезең 270 жеңімпаз анықталды, ең көп жеңімпаздар саны Қостанай облысында – 51 жеңімпаз, Маңғыстау облысында – 28 жеңімпаз, Солтүстік Қазақстан облысында – 27 жеңімпаз, Алматы қаласы мен Ақмола облысында 23 жеңімпаз анықталды.

Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп азаматтық белсенділікті арттыруға, азаматтардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық мәдениеттерін тәрбиелеуге, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында адал бәсекеге қабілеттілікті ынталандыруға бағытталған «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы «Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!» ақциясын жалғастыруда.

Акцияға онлайн-БКМ фискальды чегінің деректерін ұсыну жолымен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сатып алуын растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Чекті жөнелткеннен кейін қатысушыда 5000 теңгеге дейін өз теңгеріміне қаражат ұтып алу мүмкіндігі болады. Жедел жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ барлық жөнелтілген чектер акцияның бас жүлде ұтысы – автомобильде қатысады.

Акцияға қатысу үшін онлайн БКМ чектерін қабылдау ағымдағы жылғы 21 тамыздан 30 қарашаға дейінгі кезеңде жүзеге асырылатынын еске саламыз.

Сондай-ақ, БКМ фискалдық чегін бермеген жағдайда, азаматтар осы бұзушылықтарға бейне материалдарды қоса бере отырып, шағым жөнелтуі мүмкін.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)