Жарияланған күні: 04.10.2019 12:48
Өзгертілген күні: 04.10.2019 12:53

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

4 қазан 2019 ж.                                                                                          Нұр-Сұлтан қ.

 

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АРДАГЕРІ А.Г. ЖАКАНОВПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

 

2019 жылғы 04 қазан күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығының (бұдан әрі – ОӘО) ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, мемлекеттік қызметке жаңадан және қайтадан қабылданған қызметкерлермен мемлекеттік қызмет зейнеткері А.Г. Жакановпен кездесу болып өтті. 
         Аскар Галиканулы өзінің сұхбаттасу арқылы ОӘО қызметкерлерге Мемлекеттік кірістер органдарының жаңадан және қайтадан қабылданған қызметкерлер үшін бастапқы даярлау бөлімдегі қызметі, мемлекеттік қызметке қалай келгендігі,  шәкірт тәрбиелеудегі ерекшеліктері туралы сөз қозғады.

А.Г. Жаканов Қазақстан Республикасы Әдеп кодексін, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңын, жанжал жағдайларын сындарлы шешу туралы  сұрақтарына және Қазақстан Республикасының Президент Жолдауында 2019 жыл «Жастар жылы» болып жариялануына қатысты мәселелерге де тоқталды. Жастар қазіргі әлемдегі еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып табылады. А.Г. Жаканов өз жетістіктерін еске алды,өзінің мансаптық өсу кезеңі туралы әңгімелесті.

Кездесу соңында Аскар Галиканулы жас қызметшілерге жол тілегін берді.

Залда отырған ОӘО жас қызметшілер Мемлекеттік кірістер органдарының ардагеріне ризашылығын білдіріп, естелік суретке түсті.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)