
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
4 қазан 2019 ж. Нұр-Сұлтан қ..
ЕСЕПКЕ АЛУ-БАҚЫЛАУ ТАҢБАЛАРЫНЫҢ (ЕАБ) ЗАҢДЫЛЫҒЫН ТЕКСЕРУ БОЙЫНША API СЕРВИС ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ
Әзірлеушілер мен IT-компаниялар үшін ЕАБ заңдылығын тексеру бойынша «ҚР ҰБ БФ РМК Есепке алу-бақылау маркаларын, акциздік маркаларды және басқа баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру» ақпараттық жүйесі модулінің API сервисі қолжетімді болды. Сервиске қолжетімділікті ақпараттық жүйе сайтынан алуға болады: https://pbf.kz/.
«ҚР ҰБ БФ РМК есепке алу-бақылау маркаларын, акциздік маркаларды және басқа да баспа өнімдерін бақылау, беру және есепке алу» ақпараттық жүйесі акцизделетін өнімнің өндірісі мен айналымын әкімшілендіру және бақылау функцияларын жақсарту мақсатында құрылды. Ол есепке алу-бақылау маркалары мен акциздік маркаларды беру процесін оңтайландыруға, өнім өндірісін бақылауды күшейтуге, сондай-ақ контрафактілік өнімнің бөлшек саудаға таралуын болдырмау бойынша бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Жүйені әзірлеуші «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ болып табылады.
Бұған дейін, ақпараттық жүйеде алкоголь және темекі өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау және акциздік таңбалардың түпнұсқалығын тексеру модулі іске асырылды. Яғни, әрбір адам сайтқа кіріп, марканың сериясы мен нөмірін енгізіп, оның шынайылығын тексере алады.
Енді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жүйені әзірлеушілермен бірге басқа әзірлеушілер үшін есепке алу-бақылау және акциздік маркалар бойынша деректерге қол жеткізуді ұйымдастырды. Өз қосымшаларымен интеграциялау үшін тексеру модуліне қол жеткізу үшін әзірлеуші компаниялар ақпараттық жүйенің сайтында «Сұраулар» қойындысы арқылы сұрау салу қажет: https://pbf.kz/
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)