
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
7 қазан 2019 ж. Нұр-Сұлтан қ.
ҚАЗАҚСТАНҒА ҚҰНЫ 70 МЛН. ТЕҢГЕ БОЛАТЫН
СКАНЕРЛЕУ ҚҰРАЛДАРЫН ЗАҢСЫЗ ӘКЕЛМЕК БОЛҒАНДАР ҰСТАЛДЫ
"Алтынкөл" кеден бекетінің "Қалжат" өткізу пунктінде Ахуалдық Орталықтың қызметкерлері қашықтықтан мониторинг жүргізу шеңберінде ИТК суреттеріне талдау жасау және жүргізілген кедендік жете тексеру қорытындысы бойынша декларацияланбаған тауарлар, оның ішінде «BERG 6040» маркалы 3 ренгенаппарат анықталды.
Декларацияланбаған тауарлардың жалпы кедендік құны 179,7 мың АҚШ долларын немесе 69,7 млн. теңгені құрады, төлеуге тиесілі кедендік төлемдер мен салықтардың жалпы сомасы 15,2 млн. теңгені құрады.
Алматы облысы бойынша МКД процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментіне материалдарды беру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ахуалдық орталықтың жеке құрамының жұмысы ИТК суреттерді талдау және тереңдетілген талдау жұмысын жүргізу жолымен тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес келмейтін кедендік бақылаудағы тауарларды анықтауға бағытталған.
Орталықтың операторлар мен талдаушылардың кеден ісі саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу жұмысы жандандырылды.
Кеден заңнамасын бұзу күдігі анықталып отырған ИТК суреттеріне жасалатын қашықтық мониторингі шеңберінде тәуекелдік тобы елдерінен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялауға талдау жүргізілді.
Болашақта Орталық, кешенді салықтық және кедендік тәуекелдерді қолдана отырып, сондай-ақ оларды одан әрі талдау және бақылаумен мемлекеттік кірістер органдарына бақылаудағы объектілер мен субъектілерге қатысты "24/7" қағидаты бойынша жұмыс режимінде Ахуалдық - талдау Орталығы ретінде өз әлеуетін өсіретін болады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)