Жарияланған күні: 14.10.2019 11:25
Өзгертілген күні: 14.10.2019 11:26

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

 

2019 жылдың 9-11 қазаны аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы және ҚР ҚМ ҚМК Ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбына видеоконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – тыңдаушыларды Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралармен және жемқорлыққа қарсы тиімді әдістерді таныстыру.

Іс-шараның модераторы ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Серик Кенесович Биекенов жұмыс атқарды. 

Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

         Дәріскер ретінде:

Серик Жумабаевич Муслинов - ҚР ҚМ ҚМК Ішкі қауіпсіздік    басқармасының ерекше маңызды мәселелер бойынша тергеушісі  қатысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)