Жарияланған күні: 29.01.2020 18:18
Өзгертілген күні: 29.01.2020 18:30

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 30.01.2020 жылы сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - МКК) қызметкерлері МКК төрағасының орынбасары Ж. Д. Инкербаевтың төрағалығымен, «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің ғимаратында (Нұр-Сұлтан қ., Сарыарқа даңғылы, 13, 3 қабат, конференц-зал), оңалту, банкроттық және салық салу саласындағы заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістерін түсіндіру бойынша семинар өтетінін хабарлайды.

Аталған семинарда келесі тақырыптар жарияланады:

- «2020 жылы күшіне енген салық заңнамасының жекелеген өзгерістері туралы». Баяндамашы-МКК жеке кәсіпкерлік түрлеріне салық салу басқармасының басшысы Г. А. Смағұлова

- «Оңалту және банкроттық рәсімдерін ашудың жаңа тәсілдері. Олардың жүргізілуін бақылау». Баяндамашы-МКК оңалту және банкроттық басқармасының басшысы А. Б. Уалиева

- «Әкімшілер қызметіндегі заңнамалық өзгерістер». Баяндамашы-МКК оңалту және банкроттық басқармасы басшысының орынбасары Е. Ю. Мотовилова.

 

БАҚ өкілдеріне келесі телефон номерлері арқылы хабарласуға болады 22-60-65; 22-73-12 және B.Tusupbekova@kgd.gov.kz электрондық мекен-жайға аккредитация бойынша ақпарат жіберуді сұраймыз.

 

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті