ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
2016 жылғы 20 - 22 сәуір кезеңінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі – ОӘО) қашықтықтан оқыту нысанында «Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу» тақырыбы бойынша семинар өткізуде.
Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының біліктілігін арттыру шеңберінде өтуде және көп жағдайда жосықсы декларанттар бір тауар түрімен басқа бір тауарларды әкелуі мүмкін, осылайша бюджетке заңмен белгіленген аударуларды төлемеуден жалтаруға тырысу фактілерін ескере отырып бұл өзекті болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органдарының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі кедендік бақылау жүргізу, кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді сақтау, сондай-ақ, бұл ретте кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғамай қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдай жасау болып табылады
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін сапалы іріктеу кедендік сараптаманың толықтығы мен тиімділігі әсер етеді.
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу, іріктеудің қағидалары мен нормалары «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 558 бұйрығымен бекітілген. Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына көмек ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Орталық кеден зертханасының қызметкерлері ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауарлардың жекелеген топтарының сынамалары мен үлгілерін іріктеу бойынша әдістемелік ұсыным әзірледі.
ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасының материалтану сараптамасы бөлімінің басшысы, дәріскер И.А. Захарченя оқыту барысында, мынадай мәселелерді қарастыратын болады: Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеудің негізгі ережелерін; Мұнай және мұнай өнімдерінің сынамалары мен үлгілерін іріктеу бойынша әдістемелік ұсынымдар; Кен және түрлі-түсті металдар концентраттының сынамаларын іріктеу бойынша әдістемелік ұсынымдар; Мақта сынамаларын іріктеу бойынша әдістемелік ұсынымдар; Тамақ өнімдері тауарларының сынамалары мен үлгілерін іріктеу бойынша әдістемелік ұсынымдар; Құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар бұйымдарды кедендік сараптамаға іріктеудің, тізімдемесін жасаудың және берудің тәртібі; Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу нормалары.
ОӘО қашықтықтан оқыту порталында ҚР аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған барлық тыңдаушыларға көрсетілген курс бойынша оқыту үшін электрондық оқу материалдары қолжетімді болады, сондай-ақ тәулік бойғы режимде дәріскерге барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша сұрақтар қоюға және жауап алуға мүмкіндік бар.
Ағымдағы жылғы 22 сәуірде көрсетілген тақырып бойынша бейнеконференция өтеді.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі