ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Жиырмасыншы тобы (G20) – Халықаралық қаржы министрлері мен 20 юрисдикцияны білдіретін орталық банктер форматы: (ел-төрағасы үлкен Сегіздікке мүше болып табылатын және осылайша қазірдің өзінде G20 ұсынылған жағдайларды қоспағанда) Еуропалық Одақ Кеңесінің Мемлекет-төрағасы ұсынған 19 ірі мемлекеттер мен Еуропалық Одағы (ЕО). Сондай-ақ G20 кездесулеріне Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің өкілдері қатысты.
Жиынтығы бойынша, G20 әлемнің ұлттық ішкі өнімнің 90%, әлемдік сауданың 80% (ЕО ішіндегі сауданы қоса) және әлем халқының үштен екісін білдіреді.
20 ірі ұлттық экономикалар – Аустралия, Аргентина, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Еуропа Одағы, Үндістан , Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Ресей, Сауд Арабиясы, Америка Құрама Штаттары, Түркия, Франция, Оңтүстік Африка, Корея, Жапония қатысушылары болып табылады.
Дәстүр бойынша, халықаралық ұйымдар өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша білікті консультация беру бойынша тапсырмаларды орындап, G20 сараптамалық қолдау көрсетеді. Бұл ұйымдар күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар бойынша ұстанымдар мен ұсыныстарды жаза отырып баяндамаларды, құжаттарды дайындауға белсенді қатысады.
2016 жылғы 11-13 мамыр аралығында ҚХР Бейжің қаласында «Үлкен жиырма» шеңберінде Салық қызметінің 10-шы форумы өтті.
Форумға G20 барлық қатысушылардың салық қызметінің басшылары, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мүшелері, сондай-ақ шақырылғандардың бірі болып табылатын, елдің бақылаушысы ретінде Қазақстан қатысты. Барлығы халықаралық қоғамдастықтан 46 мемлекет.
Форумның күн тәртібіне мынадай мәселелер кірді:
- Салық базасының эрозиясы және кіріс қортындысы (Base Erosion and Profit Shifting – BEPS);
- BEPS қолдану мәселесі;
- Салықтық әкімшілендірудегі халықаралық ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері;
- Салықтық әкімшілендіруді құру және Салық қызметтері форумының келешегі;
- Әлеуетті өсіру.
Аталған іс-шараға Қазақстан тарапынан ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Еділұлы Ерғожин қатысты.
Сапар барысында, ҚХР Салық салудың мемлекеттік әкімшісінің төрағасы Ван Дзюнеммен екіжақты кездесу өткізіп, оның барысында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, салық салу саласындағы халықаралық шарттарға қол қою мен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Бүгінгі күні тараптардың құзыретті органдары Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасында табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келiсiмнің (Астана қ., 12 қыркүйек 2001 жыл) және Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттамамен енгізілген түзетулері бар Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияның (Страсбург 25 қаңтар 1988 жыл, Париж, 27 мамыр 2010 жыл) негізінде өзара іс қимылды жүзеге асыруда екенін атап айту керек.
Сонымен қатар, 2016 жылғы 10 мамырда ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы мен ҚХР бақылау Бас кеден басқармасының министрі Юй Гуанчжоумен кездесу өтті. Кездесу барысында кеден ісі саласындағы қазақстан-қытай қарым-қатынасының өзекті мәселелері талқыланды.
Бейжіңде 2015 жылғы 14 желтоқсанда қол қойылған «Сенім» Хаттамасын іске асыру талқылау үшін негізгі мәселе болып табылады. Аталған жобаның негізгі мақсаты кедендік бақылау деңгейін төмендету, құжаттарды бақылау рәсімдерін оңайлату, кедендік ресімдеуді кезеңдік тәртіпте жүргізу арқылы Уәкілетті экономикалық оператор үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
2015 жылғы 16 қарашадан бастап тараптар келісілген «Қорғас» (ҚР) – «Қорғас» (Қытай) және «Достық» (ҚР) – «Алашанькоу» (Қытай) өткізу пункттерінде online режимінде деректермен алмасу бойынша экспериментті практикада іске асыруды бастады. Кездесуде деректердің құрамын кеңейту және қазақстан-қытай шекарасындағы барлық өткізу пункттерінде өндірісте пайдалануға экспериментті енгізуге қатысты шешім талқыланды және қабылданды.
Кездесудің күн тәртібінде, сондай-ақ сұрау салу-анықтамалық қызметті жандандыру, транзиттік контейнерлік құрамдарды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау деңгейін жетілдіру жолымен транзитті дамытуға ықпал ету, сондай-ақ өткізу пункттеріндегі өзара іс-қимылды нығайту бөлігінде, контрабандаға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі