
Баспасөз релизі
Тынық мұхиты ғылыми-зерттеу институтының The Laffler Center орталығымен ынтымақтастық туралы
Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы экономикалық ұсыныстар теориясының негізін қалаушылардың бірі америкалық экономист доктор Артур Лаффермен кездесу өткізді. Лаффер салық түсімдерінің көлеміне салық ставкаларының әсері туралы теорияны ашуының арқасында кеңінен танымал болды .
Кездесу барысында қазіргі заманғы экономикалық жағдайда мемлекеттік кірістерді әкімшілендіру стратегиясы, бақылаудың оңтайлы деңгейін айқындау мәселелері талқыланды. Кездесудің соңында доктор Лаффер Мемлекеттік кіріс комитетінің The Laffler Center орталығымен ынтымақтастық туралы идеясын қолдады .
Қосымша ақпараттар үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz электрондық пошта арқылы
хабарласуға болады.