Жарияланған күні: 16.08.2016 11:18
Өзгертілген күні: 16.08.2016 11:20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ  МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Өткен жылдан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық бақылау мақсаттары үшін ресми статистикалық ақпаратты салық есептілігімен салыстыра пайдалуда.

 Камералдық бақылау нәтижелері бойынша қайшылықтар туындаған жағдайда салық төлеушіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберіледі, және жеткізілген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде қайшылықтар жойылуы қажет.

Бүгінгі күнге талдау қамтылған салық төлеушілердің 65%-да кіріс 120 млрд. теңгеге жуық өсті.

Салық кодексінің 14-бабында салық төлеуші салық міндеттемесін ​​өз уақытында және толығымен орындауы міндетті екендігі көрсетілгенін атап өткен жөн.