
2021 жылғы 22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті делегацияларының екіжақты жұмыс кездесуі өтті.
Жұмыс кездесуі барысында қазақстандық тарап: электронды терезе, навигациялық пломбаларды пайдалану арқылы автокөлік құралдарын қадағалау, АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі, электронды кезектің ақпараттық жүйелерін таныстырды.
ІТ-технологиялар аясында кедендік әкімшілендіру, навигациялық пломбаларды қолдану арқылы транзиттік әлеуетті дамыту, электронды декларациялауға көшу мәселелері талқыланды, сондай-ақ АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі нақты көрсетілді.